Астанада бұрынғы жұмыс орнына "оралған" ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Ол ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Астанада ер адам бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 миллион теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу мәліметінше, ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 31 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция күдікті нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасуын жақсы білгенін атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қылмыс жасаған болуы мүмкін.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Қазақмыстағы ұрлық: қойма меңгерушісі сотталды
Жаңалықтар
0