Жетісу тұрғынына көлігі қайтарылды: Бас прокурор рақымшылық нәтижесімен бөлісті

© Игорь Зарембоштрафстоянка
штрафстоянка
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
Рақымшылық нәтижесінде бір айда 22,8 млрд теңге айыппұл кешірілді
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіліп, бір айда 22,8 млрд теңге айыппұл кешірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бір айға жетпейтін уақыт ішінде 681,7 мың азаматқа қатысты 1,3 млн әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаларды орындау тоқтатылды.
"Бір ғана мысал, Жетісу облысының тұрғыны. Оның автокөлігі жыл басынан бері айыппұлдардың төленбеуіне байланысты арнайы тұрақта тұрған. Әкімшілік рақымшылық туралы заңның қолданылуы нәтижесінде оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер тоқтатылып, полиция автокөлігін иесіне қайтарды", - дейді прокурор.
Асыловтың айтуынша, жалпы сомасы 22,8 млрд теңге айыппұлдар кешірілген. Рақымшылық әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 380-нен астам бабын қамтыды. Оның ішінде салық, кеден, санитариялық, экологиялық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік, сауда саласындағы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бар.

Рақымшылық бір айға жетпейтін мерзімде іске асырылды. Азаматтардан ешқандай өтініш талап етілмеді. Олар мемлекеттік органдарды араламады, құжат жинамады және өзге де бюрократиялық рәсімдерден өтпеді, - дейді Бас прокурор.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің тоқтатылғаны жөнінде азаматтар СМС-хабарлама арқылы хабардар етілген.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Рақымшылық: есептен шығарылған айыппұл көлемі белгілі болды
Жаңалықтар
0