https://sputnik.kz/20260723/ukimet-zhana-kazsat-3r-garyshtyq-baylanys-zhuyesine-10-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-boldi-65120126.html
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Sputnik Қазақстан
Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T09:14+0500
2026-07-23T09:14+0500
2026-07-23T09:14+0500
үкімет
ғарыш
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62553466_0:81:613:426_1920x0_80_0_0_ba36a88462daa717b725afdc270aa892.png
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.Жобаны жүзеге асыру спутниктік байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып, Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды.Қазіргі таңда KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабарларын тарату, деректерді жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметтері көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 млн-нан астам абонент пайдаланады.Осылайша, KazSat-3R байланыс спутнигін жасау және Жерді қашықтан зондтау саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның ғарыш саласының одан әрі дамуына және оның технологиялық әлеуетінің артуына ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20260722/ukimet-alakolde-boget-saluga-3-mlrd-tenge-boldi-65086686.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62553466_15:22:569:437_1920x0_80_0_0_4befe0735edcfbd4b78133a5a5423c0c.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ғарыш, қаржыландыру
үкімет, ғарыш, қаржыландыру
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.
"Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін жасауға жұмсалады. KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны жүзеге асыру спутниктік байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып, Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды.
Қазіргі таңда KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабарларын тарату, деректерді жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметтері көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 млн-нан астам абонент пайдаланады.
Осылайша, KazSat-3R байланыс спутнигін жасау және Жерді қашықтан зондтау саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның ғарыш саласының одан әрі дамуына және оның технологиялық әлеуетінің артуына ықпал етеді.