Үкімет Алакөлде бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді

© Sputnik /Камшат АбдирайымАлакөл
Алакөл - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін жағдай жасауға ықпал етеді
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлінді.
Бөлінген қаражат ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға бағытталады, оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі.
Бұған дейін 2025 жылы 1,7 шақырым учаскеде нығайту, жер қазу, бетон құю жұмыстары жүргізіліп, габион құрылымдарын орнату жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 25%-ы орындалды.
"Жобаның жүзеге асырылуы Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді", - дейді үкіметте.
Қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Жалпы соңғы екі жыл ішінде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай Солтүстік Қазақстан және Павлодар сияқты алты өңірде жалпы ұзындығы 243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері мен құрылыстары салынып, нығайтылды.
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Үкімет Астананың инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар
0