https://sputnik.kz/20260713/ukimet-astananyn-infraqurylymyn-damytuga-162-mlrd-tenge-boldi-64861350.html
Үкімет Астананың инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңге бөлді
Үкімет Астананың инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Қаржы жылу электр орталығын жаңғыртуға және коллекторды реконструкциялауға жұмсалады 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T08:44+0500
2026-07-13T08:44+0500
2026-07-13T08:44+0500
астана
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d40091b9e9bdf52ababb68b0b85b4b5a.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлдіОның 8,7 млрд теңгесі су бұру инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады.Көзделген жұмыстарды жүзеге асыру 4,5 мың гектар аумақтағы жерүсті және дренаж суларын бұруға, сондай-ақ тәулігіне 70 мың текше метрге дейінгі суды тазартатын нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.7,5 млрд теңге елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Бұл қаражатқа қолданыстағы электр желілеріне қосылатын 110/20 кВт-тық "Қарлығаш" жабық қосалқы стансасы салынып, "Астана-Энергия" АҚ-ның ЖЭО-2-дегі №1 турбоагрегаты жаңғыртылады.ЖЭО-2-дегі турбинаны жаңғыртқаннан кейін оның электр қуаты 30 МВт-қа – 80 МВт-тан 110 МВт-қа дейін артады. Бұл елордадағы электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп отырғанына орай энергиямен жабдықтау сенімділігін күшейтеді.
https://sputnik.kz/20260711/shildede-qanday-infraqurylymdyq-zhobalar-iske-qosyldy-64830423.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_843dfe986cdb124f6992ddd5a211a2db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, үкімет
Үкімет Астананың инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңге бөлді
Қаржы жылу электр орталығын жаңғыртуға және коллекторды реконструкциялауға жұмсалады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Оның 8,7 млрд теңгесі су бұру инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады.
"Атап айтқанда, Астананың Есіл ауданындағы қолданыстағы тазарту құрылыстарынан бастап Ақмола облысындағы Қарабидайық көліне дейінгі кәріз коллекторы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар Ұлы Дала, Хусейн бен Талал, Шыңғыс Айтматов көшелері мен Тұран даңғылы бойынан Есіл өзеніне дейін тазартылған ағын суларды ағызатын коллектор салынады", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
Көзделген жұмыстарды жүзеге асыру 4,5 мың гектар аумақтағы жерүсті және дренаж суларын бұруға, сондай-ақ тәулігіне 70 мың текше метрге дейінгі суды тазартатын нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
7,5 млрд теңге елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Бұл қаражатқа қолданыстағы электр желілеріне қосылатын 110/20 кВт-тық "Қарлығаш" жабық қосалқы стансасы салынып, "Астана-Энергия" АҚ-ның ЖЭО-2-дегі №1 турбоагрегаты жаңғыртылады.
"Жаңа энергонысан іске қосылғаннан кейін "Есіл" және "Бәйтерек" қосалқы стансаларына түсетін жүктеме азайып, "Нұрлы жол" вокзалы маңы мен Тельман тұрғын алабындағы шамамен 80 мың тұрғын тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі. Қосымша қуат жаңа мектептер, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
ЖЭО-2-дегі турбинаны жаңғыртқаннан кейін оның электр қуаты 30 МВт-қа – 80 МВт-тан 110 МВт-қа дейін артады. Бұл елордадағы электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп отырғанына орай энергиямен жабдықтау сенімділігін күшейтеді.