Түркістан облысында өзенде балықтар қырылып жатыр

© Sputnik / Елена БережнаяЗамор рыбы
Замор рыбы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданы Бадам өзенінің бойында балық жаппай қырылып жатыр. Мәселені Sputnik Қазақстан тілшісі әкімдіктен сұрап білді.

Оқиға туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. Онда "Балмұздақ" мекемесінің өндірістік қалдықтары Бадам өзеніне тасталғаны айтылған.
"Балықтың жаппай қырылуы туралы бірнеше рет хабарланғанына және жазылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін прокуратура, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және әкімдік тарапынан нақты шаралар қабылданған жоқ", - дейді желі қолданушы.
Егер балмұздақ қалдықтары балықтың жаппай қырылуына себеп болса, онда бұл кәсіпорынның өнімі қаншалықты адам өміріне қауіпсіз дейді желі қолданушылар.

Жағдайға қатысты Төлеби аудандық әкімдігі түсініктеме берді.
"Төлеби ауданы әкімдігі экология және табиғи ресурстар министрлігіне, басқа да жауапты салаға жоспардан тыс тексеру жүргізу, ағынды су сынамаларын алу және тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады. Сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері келтірілген залалды өндіру туралы талап арызбен сот органдарына жүгінуді жоспарлап отыр", - дейді Төлеби аудандық әкімдігі.
Гибель рыбы в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Батыс Қазақстандағы су айдынында балық қырылды
Жаңалықтар
0