Батыс Қазақстандағы су айдынында балық қырылды

© Sputnik / Елена БережнаяГибель рыбы в Северо-Казахстанской области
Гибель рыбы в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Жазылу
Бұл оқиғаға балық жиналған жерде оттегінің жетіспеуі себеп болған
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында балық қырылып қалды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Жаңақазан кентіндегі Сарыайдын көлінде болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оны жергілікті тұрғын түсірген.
"Алдын ала мәлімет бойынша Мөңкенің шабақтары қырылған. Қазір өлген балықтың жалпы көлемі нақтылануда. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл оқиғаға балық жиналған жерде оттегінің жетіспеуі себеп болған", - деп түсіндірді әкімдік.
Қазіргі уақытта жергілікті жерде шұғыл және бейінді қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өлген балықты жинау және аумақты зерттеу, сынама алу жұмыстары басталды.
Зардапты жоюға жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің, санитарлық қызметтердің, табиғат қорғау ұйымдарының және бейінді инспекциялардың өкілдері жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0