https://sputnik.kz/20260723/qkk-teniz-terminalynda-munay-tieu--uaqytsha-toqtatyldy-ministrlik-tusinikteme-berdi-65138329.html
ҚКК теңіз терминалында мұнай тиеу уақытша тоқтатылды: министрлік түсініктеме берді
ҚКК теңіз терминалында мұнай тиеу уақытша тоқтатылды: министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта қазақстандық мұнай экспортын қалпына келтіру бойынша консультациялар жүріп жатыр 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T17:32+0500
2026-07-23T17:32+0500
2026-07-23T17:32+0500
мұнай
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:1075:605_1920x0_80_0_0_e0cabb08b2b0918cfb38f94909b5363f.jpg
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Каспий құбыр консорциумының жұмысы және мұнай өндіру көлемдеріне қатысты Энергетика министрлігі түсініктеме берді.Құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлық парктердің шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемдеріне жоспарлы түрде түзету енгізді. Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді. Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді министрлік.Айтуларынша, Энергетика министрлігі ҚКК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және салалық мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға тұрақты түрде мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге қажетті жағдайларды жасау жөнінде үздіксіз консультациялар жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260723/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-munay-aydaudy-uaqytsha-toqtatty-65138090.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:807:605_1920x0_80_0_0_ae1e09253e74f0ccb64a00f7c6bec6ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қр энергетика министрлігі
мұнай, қр энергетика министрлігі
ҚКК теңіз терминалында мұнай тиеу уақытша тоқтатылды: министрлік түсініктеме берді
Қазіргі уақытта қазақстандық мұнай экспортын қалпына келтіру бойынша консультациялар жүріп жатыр
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Каспий құбыр консорциумының жұмысы және мұнай өндіру көлемдеріне қатысты Энергетика министрлігі түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта ҚКК теңіз терминалында Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. Бұл ретте консорциумның барлық өндірістік және техникалық нысандары жарамды жағдайда, штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жағдай қалыпқа келген бойда шикізатты қайта тиеуді дереу бастауға дайын", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлық парктердің шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемдеріне жоспарлы түрде түзету енгізді. Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді. Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді министрлік.
Айтуларынша, Энергетика министрлігі ҚКК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және салалық мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға тұрақты түрде мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге қажетті жағдайларды жасау жөнінде үздіксіз консультациялар жүргізіліп жатыр.