Көпқабатты үйде не үшін айыппұл салынады

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Көпқабатты үйлердің кіреберісінде велосипед, бесік арба, жиһаз және тағы басқа жеке заттарды қалдыруға болмайды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Бүгінде кез келген көпқабатты үйдің көршілер чатында құқық бұзушылықтарды растайтын фото мен видеоны жиі көруге болады. Біреулер есіктің алдында күл-қоқыс шығарып қойса, енді біреулер жаңа техниканың қораптарын қалдырып кетеді. Кіреберістің қабырғаларын бүлдіріп кететіндер де болады. Бірақ көбісі ондай әрекеттер үшін нақты жаза бар екенін ұмытып жатады. Ал учаскелік инспектор чаттағы фото мен видео дәлел ретінде пайдаланып, айыппұл сала алады. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Қоқыс үшін қандай жаза бар
Көпқабатты үйде есіктің алдына тұрмыстық қалдықтар салынған пакетті қалдыру ортақ орындарды ластау болып саналады. Ол үшін әкімшілік жазаның екі түрі қарастырылған.
10 АЕК (2026 жылда 43 250 теңге) көлемінде айыппұл;
40 сағатқа қоғамдық жұмыстар.
Осы құқық бұзушылық бір жылдың ішінде тағы қайталанса, айыппұлдың көлемі де, қоғамдық жұмыстардың мерзімі де екі есеге артады. Есіктің алдында құрылыс материалдарын қалдырғаны үшін тура сондай жаза қолданылады. Ал үйдің ауласында үйіліп тұрса, алдымен ескерту жасалады. Одан кейін 20-30 АЕК (86 500 – 129 750 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, терезеден немесе балконнан темекі тұқылын лақтыру да ортақ орындарды ластау болып саналады.
Бұдан бөлек, терезеден немесе балконнан темекі тұқылын лақтыру да ортақ орындарды ластау болып саналады.
Темекі шегуге болмайды
Көпқабатты үйлердің кіреберісінде темекі шегуге тыйым салынған. Ол үшін далаға шығу қажет. Темекіден бөлек, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді де шегуге болмайды. Алкоголь үшін де айыппұл қарастырылған.
темекі ішкені үшін 15 АЕК (2026 жылда – 64 875 теңге);
алкоголь ішкені үшін 5 АЕК (2026 жылда – 21 625 теңге).
Осы құқық бұзушылықтар бір жылдың ішінде қайталанса, темекі үшін айыппұлдың көлемі 86 500 теңгеге дейін артады. Ал алкоголь үшін екі есеге өседі. Бұдан бөлек, 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға салады, я болмаса, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуы мүмкін.
Велосипед пен бесік арба үшін жаза бар ма
Көпқабатты үйлердің кіреберісінде, атап айтқанда, баспалдақ алаңында велосипед, бесік арба, жиһаз және тағы басқа жеке заттарды қалдыруға болмайды. Себебі бұның барлығы эвакуация кезінде адамдарға кедергі келтіруі мүмкін. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты нақты норма бар.
Айыппұлдың көлемі: 5-10 АЕК (2026 жылда - 21 625 – 43 250 теңге).
Ал ең үлкен айыппұл кіреберіс қабырғаларын шимайлағаны үшін қарастырылған. Ондай әрекет ұсақ бұзақылық болып саналады. Ол үшін екі жазаның біреуі қолданады.
Айыппұлдың көлемі: 5-10 АЕК (2026 жылда - 21 625 – 43 250 теңге).
Ал ең үлкен айыппұл кіреберіс қабырғаларын шимайлағаны үшін қарастырылған. Ондай әрекет ұсақ бұзақылық болып саналады. Ол үшін екі жазаның біреуі қолданады.
50 АЕК (2026 жылда – 216 250 теңге) мөлшерінде айыппұл;
5-20 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу.
Сосын үй жануарларын кіреберісте қалдыруға болмайды. Бұны санитарлық нормаларды бұзу деп, жауапқа тартуы мүмкін. Айыппұлдың көлемі – 10-20 ЕК (2026 жылда - 43 250 – 86 500 теңге).
Тыныштық сақтау қажет
Әкімшілік кодексте тыныштықты бұзуға арналған бап та бар. Онда тыныштықты сақтаудың нақты уақыты жазылған. Жұмыс күндері – 22:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, ал демалыс пен мереке күндері 23:00 мен 10:00-дің арасында шулауға тыйым салынған. Айыппұлдың көлемі де көрсетілген.
жеке тұлғаларға – 5 АЕК (2026 жылда 21 625 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (2026 жылда 86 500 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (2026 жылда 129 750 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК (2026 жылда 432 500 теңге).
Ал осы тәртіп бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге өседі. Бірақ заңға сәйкес, шұғыл қажеттілігі бар жұмыстар үшін айыппұл салынбайды.
Тағы қандай әрекет үшін жазалауы мүмкін
Көпқабатты үйлерде тағы бірнеше әрекет үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Олар:
қоғамдық орындарда тиісу – ескерту немесе 5 АЕК (2026 жылда 21 625 теңге) көлемінде айыппұл;
далада немесе кіреберісте дәрет сындыру – 20 АЕК (2026 жылда 86 500 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-15 күнге әкімшілік қамаққа алу;
көлікті гүлзардың үстінде немесе кіреберістік алдында қалдыру – 5-20 АЕК (2026 жылда 21 625- 86 500 теңге) көлемінде айыппұл;
көлікті үйдің алдында жуу – ескерту немесе 20 АЕК (2026 жылда 86 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

