Үй жанына көлік қойғандарға айыппұл салынады - министрлік мәлімдемесі

© SputnikАқылы автотұрақ
Ақылы автотұрақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Өзгерістер нақтылау сипатына ие және ортақ пайдаланылатын аумақтарда мүлікті жинап қою мен ұзақ сақтауға қатысты
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тұрғын үйлердің маңына автокөлік қойғаны үшін айыппұл қарастыратын жаңа ережелер енгізіліп жатыр деген ақпарат тарады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Ведомство хабарлауынша, министрліктің "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жобасында үйлердің маңына автокөліктерді қоюға жаңа тыйымдар енгізу көзделмеген.
"Жаңа ережелерде азаматтарға арнайы қарастырылған тұрақ орындарында автокөліктерін қалдыруға тыйым салатын нормалар жоқ. Өзгерістер нақтылау сипатына ие және көлік құралдарын белгіленген орындарда пайдалануға немесе қоюға тыйым салуға емес, ортақ пайдаланылатын аумақтарда мүлікті жинап қою мен ұзақ сақтауға қатысты", - дейді министрлікте.
Сондай-ақ министрлікте бұл құжат нормативтік базаны Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес келтіруге бағытталғанын және іс жүзінде абаттандырудың қолданыстағы нормаларын қайта бекітетінін хабарлады. Олардың көбі бұрыннан қолданыста болған ережелерде де қамтылған.
Бұдан бөлек, аталған ережелер жол жүрісі, автотұрақтар мен автотұрақ орындарын ұйымдастыру және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін реттемейді. Сондықтан автокөлік тұрағына жаңа шектеулер енгізілгені туралы тараған тұжырымдар құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0