https://sputnik.kz/20260606/zeynetaqy-zhinagynyn-zhetkiliktilik-shegi-osti-ministrlik-malimdeme-zhasady-63961963.html
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Министрліктің мәліметінше, жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған 06.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-06T15:39+0500
2026-06-06T15:39+0500
2026-06-06T15:39+0500
бжзқ
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды.Еңбек министрлігінің мәліметінше, өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.Министрлік зейнетақы қаражаты ең алдымен азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қызмет етуі тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады. Себебі бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін.Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін балама мақсаттарға (тұрғын үй мен емделу) пайдалану мүмкіндігі сақталады. Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу қажеттіліктері үшін жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Ал мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие.Айта кету керек, жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмаған. Сондықтан оларды жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтардың болашақта неғұрлым қорғалған әрі тұрақты табысқа сенім артуына мүмкіндік береді.Зейнетақы жинақтары – адамның зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығының кепілі. Жаңартылған әдістеме қазақстандықтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерін қорғауға, жинақтардың жеткіліксіз болу тәуекелдерін төмендетуге және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20260606/bzhzq-2026-zhylga-arnalgan-zhana-zhetkiliktilik-shegin-zhariyalady-63959523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бжзқ, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, зейнетақы жинағы
бжзқ, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, зейнетақы жинағы
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады
Министрліктің мәліметінше, жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.
"Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жаңарту ең алдымен салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған. Өйткені зейнетақы жинақтары – қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға жұмсалатын қаржы көзі емес. Оның негізгі мақсаты – азаматтарды зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін тұрақты табыспен қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Министрлік зейнетақы қаражаты ең алдымен азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қызмет етуі тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады. Себебі бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін балама мақсаттарға (тұрғын үй мен емделу) пайдалану мүмкіндігі сақталады. Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу қажеттіліктері үшін жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Ал мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие.
Айта кету керек, жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмаған. Сондықтан оларды жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтардың болашақта неғұрлым қорғалған әрі тұрақты табысқа сенім артуына мүмкіндік береді.
Зейнетақы жинақтары – адамның зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығының кепілі. Жаңартылған әдістеме қазақстандықтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерін қорғауға, жинақтардың жеткіліксіз болу тәуекелдерін төмендетуге және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.