Шығыс Қазақстанда мемлекетке 766 млн теңге шығын келтіргендер сотталды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГранулированное золото высшей пробы
Гранулированное золото высшей пробы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Қаскөйлер заңсыз түрде 15 кг алтын өндірген
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірушілерге қатысты үкім шықты, деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Ведомствоның мәліметінше 2025 жылдың маусым айында Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің алқабында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары ұсталып, арнайы техника, жабдықтар, құрамында алтыны бар шикізат және ақшалай қаражат тәркіленген.
"Бір топ облыс тұрғыны мен Қытай Халық Республикасының азаматтары 2024-2025 жылдары Ұлан ауданының аумағындағы орман қорына зиян келтіре отырып, өз бетінше заңсыз алтын өндіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қаскөйлер заңсыз түрде 15 кг алтын өндірген. Мемлекетке 766 млн теңге шығын келтірілген.
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылдың 21 шілдесінде сотталушыларды аса ірі мөлшерде бағалы металды заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды
Жаңалықтар
0