Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуАқмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды
Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ақмола облысындағы алтын өңдейтін жасырын цехтан алтын, ақша мен қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жасырын цехте
алтын кенін өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған барлық құрал-жабдық болған.
"Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер де табылды", - дейді агенттік қызметкерлері.
Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр.
Ал жасырын цехты ұйымдастырушы қамауға алынды.
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды: оның 13-і шетелдік азамат
Жаңалықтар
0