https://sputnik.kz/20260630/shygys-qazaqstanda-zansyz-altyn-ondirgen-63-adam-ustaldy-onyn-13-i-sheteldik-azamat-64564672.html
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды: оның 13-і шетелдік азамат
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды: оның 13-і шетелдік азамат
Sputnik Қазақстан
Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген 30.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-30T16:01+0500
2026-06-30T16:01+0500
2026-06-30T16:01+0500
шығыс қазақстан
алтын өндіру
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64562051_0:55:1183:720_1920x0_80_0_0_2b1e94f3699db6b35c78de3035ca2e69.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Қылмыстық топ жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, онда көрсетілген қызметтің орнына заңсыз алтынды өндірумен айналысқан. Қазіргі кезде ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, соның ішінде шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталды.Алдын ала мәліметке сәйкес, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген. Атап айтқанда, топырақ жамылғысы бұзылып, табиғи ландшафт өзгерген.Мамандар экологиялық залалдың нақты мөлшерін анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.
https://sputnik.kz/20260203/qaragandyda-kasiporyn-temir-rudasyn-zansyz-ondirip-shetelgen-shygargan-60877293.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64562051_20:0:980:720_1920x0_80_0_0_5670354a8d4e5a32f844b76ecbfcff22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, алтын өндіру, қылмыстық топ
шығыс қазақстан, алтын өндіру, қылмыстық топ
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды: оның 13-і шетелдік азамат
Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қылмыстық топ жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, онда көрсетілген қызметтің орнына заңсыз алтынды өндірумен айналысқан. Қазіргі кезде ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, соның ішінде шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталды.
"Тінту кезінде бірнеше автокөлік пен арнайы техника, ірі көлемдегі қаражат, оның ішінде 40 мың АҚШ долларынан астам қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, сондай-ақ заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Алдын ала мәліметке сәйкес, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген. Атап айтқанда, топырақ жамылғысы бұзылып, табиғи ландшафт өзгерген.
Мамандар экологиялық залалдың нақты мөлшерін анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.