Шығын 2 млрд теңгеден асады: Қарағандыда кәсіпорын темір рудасын заңсыз өндірген

© PhotoТау-кен кәсіпорны
Тау-кен кәсіпорны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.
Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.
"Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Құрылыс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Солтүстік Қазақстанда құрылыс саласындағы лицензия оңды-солды заңсыз берілген
Жаңалықтар
0