https://sputnik.kz/20260722/kariz-qudygyndagy-alty-adamnyn-olimi-arnayy-komissiya-quryldy-65100669.html
Кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: арнайы комиссия құрылды
Кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: арнайы комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу... 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T14:23+0500
2026-07-22T14:23+0500
2026-07-22T14:27+0500
павлодар облысы
уланғандар
кәріз құдығы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25088319_0:0:1850:1041_1920x0_80_0_0_1f42fbd147cc6de79370b758d31770b1.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Павлодар облысында алты адамның кәріз құдығындағы газға уланып, көз жұмуына байланысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Еске салайық, 20 шілде күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы "AQTOGAI MILK" ЖШС аумағында өндірістік жабдықтарға қызмет көрсету жұмыстары кезінде жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты адам қаза тапты. Тағы бір қызметкер дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр.Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, оларға көңіл айтып, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысы үкімет бақылауында болады.
https://sputnik.kz/20260721/pavlodarda-kariz-qudygyna-tusip-ulangan-marqumdardyn-nesielerin-oteuge-komek-korsetiledi-65067737.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25088319_179:0:1672:1120_1920x0_80_0_0_90ce8f53e1bf127e0fd403b5e0c91ac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, уланғандар, кәріз құдығы
павлодар облысы, уланғандар, кәріз құдығы
Кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: арнайы комиссия құрылды
14:23 22.07.2026 (жаңартылды: 14:27 22.07.2026) Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Павлодар облысында алты адамның кәріз құдығындағы газға уланып, көз жұмуына байланысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еске салайық, 20 шілде күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы "AQTOGAI MILK" ЖШС аумағында өндірістік жабдықтарға қызмет көрсету жұмыстары кезінде жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты адам қаза тапты. Тағы бір қызметкер дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр.
"Үкімет басшылығының тапсырмасымен оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері кірді", - деп жазылған хабарламада.
Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, оларға көңіл айтып, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысы үкімет бақылауында болады.