Таиландтан екі чемодан әкелген 22 жастағы қыз сотталып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Бангкоктен есірткі салынған екі чемодан әкелген қазақстандық қыз сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі әкелген 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді", - дейді Бас прокуратура.
Әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар - халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі. Қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысқандар қылмыстық жауапқа тартылады, деп ескертті прокуратурадағылар.
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0