https://sputnik.kz/20260721/zhambyl-oblysynda-tiktok-arqyly-zhiaz-satqan-ayel-turmege-togytyldy-65065101.html
Жамбыл облысында TikTok арқылы жиһаз сатқан әйел түрмеге тоғытылды
Жамбыл облысында TikTok арқылы жиһаз сатқан әйел түрмеге тоғытылды
Sputnik Қазақстан
Диванға алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны 25 мың теңгені басқа біреудің шотына аударуға көндірген 21.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-21T08:36+0500
2026-07-21T08:36+0500
2026-07-21T08:36+0500
жамбыл облысы
әлеуметтік желілер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/618/54/6185486_0:244:3074:1973_1920x0_80_0_0_c7a0e265e4486ea77b14d451b4597c7b.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында әйел жиһазды TikTok арқылы сатып, алаяқтық жасаған.Ақпараттық жүйені пайдалана отырып алаяқтық жасау фактісі бойынша іс Жамбыл аудандық сотында қаралды.Сотпен анықталғандай, 2026 жылдың сәуірінде сотталушы өзін сатушы ретінде көрсете отырып, TikTok әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған. Жәбірленуші акция бойынша 60 мың теңге тұратын диванға қызығушылық танытып, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірімен байланысқа шыққан.Кінә тараптардың, куәлердің айғақтарымен, банктердің чектері және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.Сот сотталушы бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және жазасын өтеу кезеңінде тиісті қорытынды жасамай, ұқсас жаңа қылмыс жасағанын ескерді.Сот үкімімен әйел ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260309/kuyeuine-otirik-aytqan-kelinshek-turmege-qamaluy-mumkin-61724778.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/54/6185486_189:0:2920:2048_1920x0_80_0_0_220e9288400b6cb7183a4a702d61ef4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, әлеуметтік желілер, алаяқтық
жамбыл облысы, әлеуметтік желілер, алаяқтық
Жамбыл облысында TikTok арқылы жиһаз сатқан әйел түрмеге тоғытылды
Диванға алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны 25 мың теңгені басқа біреудің шотына аударуға көндірген
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында әйел жиһазды TikTok арқылы сатып, алаяқтық жасаған.
Ақпараттық жүйені пайдалана отырып алаяқтық жасау фактісі бойынша іс Жамбыл аудандық сотында қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2026 жылдың сәуірінде сотталушы өзін сатушы ретінде көрсете отырып, TikTok әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған. Жәбірленуші акция бойынша 60 мың теңге тұратын диванға қызығушылық танытып, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірімен байланысқа шыққан.
"Диванға алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны 25 мың теңгені басқа біреудің шотына аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін жиһаз жеткізілмеді және сатушымен байланыс үзілді. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген әйел полицияға жүгінген", - деп жазылған сот хабарламасында.
Кінә тараптардың, куәлердің айғақтарымен, банктердің чектері және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот сотталушы бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және жазасын өтеу кезеңінде тиісті қорытынды жасамай, ұқсас жаңа қылмыс жасағанын ескерді.
Сот үкімімен әйел ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.