https://sputnik.kz/20260309/kuyeuine-otirik-aytqan-kelinshek-turmege-qamaluy-mumkin-61724778.html
Күйеуіне өтірік айтқан келіншек түрмеге қамалуы мүмкін
Күйеуіне өтірік айтқан келіншек түрмеге қамалуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Тергеуге алынған әйел бұған дейін полицияға өзіне қатысты қарақшылық шабуыл жасалғаны жайында арыз түсірген 09.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-09T10:32+0500
2026-03-09T10:32+0500
2026-03-09T10:32+0500
тараз
қылмыс
тонаушылар
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Таразда күйеуіне өтірік айтқан келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Тергеуге алынған әйел бұған дейін полицияға өзіне қатысты қарақшылық шабуыл жасалғаны жайында арыз түсірген. Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан. Сосын қолын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен. Полиция бірден шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Бірақ көп ұзамай күтпеген жайт анықталды. Әйелге ешқандай шабуыл болмаған.Қазіргі кезде қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Айта кетері, бұл қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (17,3 млн теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260226/astanalyqtardy-qylmystyq-top-82-mlrd-tengege-aldap-soqqan-61458101.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, қылмыс, тонаушылар
тараз, қылмыс, тонаушылар
Күйеуіне өтірік айтқан келіншек түрмеге қамалуы мүмкін
Тергеуге алынған әйел бұған дейін полицияға өзіне қатысты қарақшылық шабуыл жасалғаны жайында арыз түсірген
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Таразда күйеуіне өтірік айтқан келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тергеуге алынған әйел бұған дейін полицияға өзіне қатысты қарақшылық шабуыл жасалғаны жайында арыз түсірген. Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан. Сосын қолын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен. Полиция бірден шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Бірақ көп ұзамай күтпеген жайт анықталды. Әйелге ешқандай шабуыл болмаған.
"Ол күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген", - дейді тәртіп сақшылары.
Қазіргі кезде қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, бұл қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (17,3 млн теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.