https://sputnik.kz/20260226/astanalyqtardy-qylmystyq-top-82-mlrd-tengege-aldap-soqqan-61458101.html
Астаналықтарды қылмыстық топ 8,2 млрд теңгеге алдап соққан
Астаналықтарды қылмыстық топ 8,2 млрд теңгеге алдап соққан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астанада "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша... 26.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-26T13:52+0500
2026-02-26T13:52+0500
2026-02-26T13:52+0500
қылмыстық топ
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_ab8d233c3b29342d50db4057ba9b2da6.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астанада "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып, "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тартқаны анықталды.Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды.Күдікті 12 тұлғаға қатысты "Күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_cb28b05c70727a50263eb74a903a3103.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, астана, құрылыс
қылмыстық топ, астана, құрылыс
Астаналықтарды қылмыстық топ 8,2 млрд теңгеге алдап соққан
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астанада "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
"426-дан астам отбасыға 8,2 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып, "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тартқаны анықталды.
Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды.
Күдікті 12 тұлғаға қатысты "Күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды.