Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия Ресеймен қақтығысқа жол бермеуі керек – Бундестаг депутаты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуБундестаг
Бундестаг - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Маркус Фронмайер Германия алдымен өз халқының мүддесін қорғауы керек деп есептейді
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. "Германия үшін балама" оппозициялық партиясынан сайланған Бундестаг депутаты Маркус Фронмайер Берлин Ресеймен тікелей қақтығысқа бармауы керек деп мәлімдеді.
"Германия алдымен өз халқының мүддесін қорғауы керек. Біздің басты міндетіміз – Украинаға шексіз қауіпсіздік кепілдігін беру емес, өз азаматтарымыздың жағдайын ойлау. Германияның мүддесін елемеуге де, Ресеймен тікелей қақтығысқа баруға да болмайды", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға қауіпсіздік кепілдігін Ресейдің қатысуынсыз әзірлеу мүмкін емес екенін айтқан болатын. Ол Германия канцлері Фридрих Мерцтің Мәскеуді бұл процеске қатыстырмау керек деген пікіріне осылай жауап берген.
Флаги Украины и Европейского Союза - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина ЕО-ға мүше болу үшін реформаларды жүзеге асыруға тиіс – еуродепутат
Жаңалықтар
0