Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина ЕО-ға мүше болу үшін реформаларды жүзеге асыруға тиіс – еуродепутат

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги Украины и Европейского Союза
Флаги Украины и Европейского Союза - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Украинаның ЕО-ға қабылдануы үшін ұйымға мүше барлық мемлекеттің келісімі қажет.
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Украинаның Еуропалық одаққа (ЕО) жеделдетілген тәртіппен қосылу мүмкіндігі енді талқыланбайды. Киев ұйымға мүше болу үшін барлық белгіленген рәсімнен өтіп, қажетті реформаларды жүзеге асыруға тиіс. Бұл туралы "Известия" басылымына Еуропарламенттің Украинамен байланыс жөніндегі делегациясының басшысы Пекка Товери мәлімдеді.
"Жеделдетілген жол күн тәртібінде тұр деп ойламаймын. Әңгіме еңбегіне қарай мүшелік беру туралы болып отыр. Егер Украина қажетті реформаларды тез жүзеге асырса, онда бұл үдеріс те салыстырмалы түрде жылдам жүруі мүмкін", – деді Товери.
Басылымның мәліметінше, бұған дейін Германия мен Франция стандартты рәсімдерді айналып өтіп, Украинаны ЕО-ға ішінара интеграциялау бойынша түрлі нұсқаларды ұсынған.
Украинаның ЕО-ға қабылдануы үшін ұйымға мүше барлық мемлекеттің келісімі қажет. Негізгі кедергілер қатарында реформаларды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және экономикалық мәселелерді шешу бар.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық одақты елді 2027 жылға қарай ұйым құрамына қабылдауға шақырған болатын. Алайда еуропалық көшбасшылар бірнеше рет Украина заңнамасының ЕО стандарттарына толық сәйкес келмейтінін айтып, мүшелікке өтінімді қараудың басты шарттарының бірі – ауқымды реформаларды жүзеге асыру екенін мәлімдеген.
Еске салсақ, 2022 жылдың маусымында Еуроодақ Украина мен Молдоваға кандидат ел мәртебесін берген еді. ЕО өкілдері бұл шешімнің негізгі мақсаты Киев пен Кишиневке саяси қолдау көрсету болғанын бірнеше рет атап өткен.
Урсула фон дер Ляйен
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропалық комиссияның басшысы Киевке барды
Жаңалықтар
0