Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев21 шілде - күнтізбе
21 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
21 шілде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

21 шілдеде қандай мереке аталып өтеді

Бүгін америкалықтар Зиянды тағам күні немесе Қоқыс тағамы күнін атап өтеді. Америкада ең танымал тағамдар дәл осы "қоқыс тамағы" санатына жатады. Сондықтан Америка халқының 60 проценттен астамы артық салмақтың зардабын тартатыны таңғалдырмайды. Бүгінде дұрыс тамақтануды қолдайтындар тамақтағы әр калорияны есептеп, зиянды астан барынша бас тартуға тырысады.
"Зиянды тағам" терминін осыдан қырық жыл бұрын микробиолог Майкл Джекобсон ойлап тауып, айналымға енгізген. Ол адам денсаулығына зиянды қоспалары мен калориясы көп азық-түлік өнімдерін атап көрсетті. 2008 жылы ғалымдар "зиянды өнім" адамды тамаққа тәуелді етіп, миға есірткі сияқты әсер ететінін дәлелдеді.
Бүгін Бельгияда – Ұлттық күн. Бұл мереке айтулы дата құрметіне бекітілген. 1831 жылы жаңа король І Леопольд таққа отырып, Бельгия парламентінде ант берген еді. Осыдан кейін Бельгия Конституциясы мен елдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1831 жылдың ақпанында Бельгия қос палаталы парламенті бар конституциялық монархияға айналды.

21 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1798 жылы Наполеонның Мысырға жорығы: пирамидалар алдындағы шайқас;
1969 жылы америкалық астронавтар Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин "Apollo 11" сапары аясында Айға табан тіреді;
1983 жылы "Шығыс" антарктикалық станциясында тарихта алғаш рет ғаламшардағы ең төменгі температура − 89,2°C тіркелді;
2007 жылы ағылшын тілінде "Гарри Поттер и Дары Смерти" деп аталатын жетінші кітап жарыққа шықты.

21 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1917 жылы қазақ зиялылары Орынборда "Алаш" партиясын құру туралы шешім шығарды;
1958 жылы Қазақ симфониялық оркестрі, қазіргі мемлекеттік симфониялық оркестрі құрылды;
1971 жылы Қазақ КСР-нің Жер кодексі қабылданды;
1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы көшеге жазушы Оралхан Бөкейдің есімі берілді;
2007 жылы Тараздағы қазба жұмыстары кезінде Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтары табылды;
2011 жылы Астананың қала маңы аймағына 81 елді мекен енгізілді. Олардың қатарында Целиноград, Шортанды және Аршалы аудандарының ауылдық округтерінің елді мекендері мен аумақтары бар.

21 шілдеде туған танымал тұлғалар

1899 жылы америкалық жазушы, журналист, әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хэмингуэй дүниеге келді;
1948 жылы кеңестік және ресейлік жазушы-сатирик, драматург, әзіл-сықақшы, Ресей жазушылар одағының мүшесі Михаил Задорнов өмірге келді;
1951 жылы америкалық актер Робин Уильямс туды. Көпшілікке "Джуманджи", "Умница Уилл Хантинг" және тағы басқа фильмдері арқылы танымал;
1969 жылы ресейлік поп және фолк әнші Авраам Руссо дүниеге келді;
2000 жылы норвегиялық футболшы, әлемдегі ең танымал шабуылшылардың бірі Эрлинг Холанд дүниеге келді.

21 шілдеде Қазақстанда кім туды

1960 жылы мәжілістің бұрынғы депутаты Ирина Смирнова дүниеге келді;
1978 жылы бұрынғы дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов өмірге келді;
1982 жылы белгілі қазақстандық экономист, сарапшы Олжас Құдайбергенов дүниеге келді.
20 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Дерекқор
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 шілде
Жаңалықтар
0