Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 шілде

© Sputnik20 шілде - күнтізбе
20 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
20 шілдеде не болғаны білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

20 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

1966 жылдан бастап бүкіл әлемде жыл сайын 20 шілдеде Халықаралық шахмат күні аталып өтеді. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген.
Ойынның атауы парсы тілінен аударғанда "билеуші өлді" деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны – Үндістан. Шахматқа негіз болған чатуранга ойыны бесінші ғасырда пайда болған.
Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін ғалымдар дәлелдеген.
Бұдан бөлек бүгін Халықаралық торт күні аталып өтеді. Барлық мереке, туған күн, мерейтой, үйлену той және басқа да қуанышты күндерді тортсыз елестету қиын. Бұл мейрам "I cake you" ұранымен өтеді. Шынымен де, торт – адамдар қатынасының достық белгісі.
Торт күні Миландағы "Махаббат патшалығы" деп аталатын ұйымның бастамасымен алғаш рет 2009 жылы аталып өтті. Ұйым құрамында өнер адамдары, аспаздар және тағы да басқа щығармашыл адамдар болғаннан кейін мереке өте жоғары деңгейде өткен. Кейін 2011 жылы 20 шілдеде мейрам халықаралық деңгейде тойланып, әлем елдеріне тарала бастаған.
Мерекенің мақсаты – әлемге бейбітшілік пен достық идеясын мәдениет арқылы тарату. Бұл игі бастаманы көптеген ТМД елдері, Израиль және АҚШ қолдады. Сол күні әлем халықтары бірлесе отырып, бейбітшілік тортын әзірледі.

20 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1534 жылы Кембриджде әлемдегі алғашқы баспа ашылды;
1877 жылы мультипликация тарихы басталды;
1917 жылы BMW сауда маркасы тіркелді;
1924 жылы Парижде Халықаралық шахмат федерациясының негізі қаланды;
1940 жылы америкалық Billboard музыкалық журналы ең танымал әндердің алғашқы тізімін жариялады.

20 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1969 жылы Дінмұхамед Қонаев Қапшағай ГЭС-і іргетасының символдық плитасын қойды;
1995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар жарлыққа қол қойды;
2005 жылы Астанада Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін "Мәңгілік қасірет" атты фотокөрмесі өтті;
2014 жылы Бейжіңде алғаш рет домбыра курсы ашылды;
2016 жылы Қазақстанда data.egov.kz ашық деректер порталы жұмыс істей бастады;
2022 жылы елордада Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевты еске алуға арналған қабырға суреті пайда болды.

20 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1822 жылы чех-австриялық биолог әрі генетик, тұқым қуалаушылық туралы ғылымның негізін қалаушы Грегор Иоганн Мендель дүниеге келді;
1938 жылы америкалық актриса, "Алтын глобус" сыйлығының екі дүркін иегері және "Оскар" сыйлығының үш мәрте номинанты Натали Вуд дүниеге келді;
1919 жылы жаңазеландиялық зерттеуші әрі альпинист, Эверестті алғаш бағындырған сэр Эдмунд Хиллари дүниеге келді;
1963 жылы кеңес және ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 1994 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Жулин дүниеге келді.

20 шілдеде Қазақстанда кім туды

1929 жылы композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Бычков дүниеге келді;
1947 жылы механика және машинатану саласындағы совет және қазақ ғалымы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабеков дүниеге келді;
1951 жылы ҚР президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Ахмет Мурадов дүниеге келді;
1961 жылы кинорежиссер, сценарист, драматург Ермек Тұрсынов дүниеге келді;
1972 жылы қазақстандық театр және кино актері, тележүргізуші Сергей Погосян дүниеге келді.
Жаңалықтар
0