Биыл білім грантына қанша талапкер өтініш берді

Студенты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. Былтыр конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын.
"Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың 60%-і инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді", - дейді министрлік.
Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие бағыттар бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Педагогикалық ғылымдар" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілді.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Талапкерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Алдағы оқу жылында колледждерге 140 мың грант бөлінді
Жаңалықтар
0