https://sputnik.kz/20260622/140-myn-grant-kolledzhderge-quzhat-tapsyru-tartibi-zhariyalandy-64328788.html
Алдағы оқу жылында колледждерге 140 мың грант бөлінді
Алдағы оқу жылында колледждерге 140 мың грант бөлінді
Sputnik Қазақстан
Талапкерлер құжатты Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсыра алады 22.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-22T14:54+0500
2026-06-22T14:54+0500
2026-06-22T14:55+0500
министрлік
колледж
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5c4c894637e4528c1832c26c8c62844f.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі колледжге құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады."2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді", - делінген ресми хабарламада.Талапкерлер құжатты Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсыра алады.Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті. Оған қоса, бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы ескеріледі.Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданса, педагогикалық мамандық таңдайтындар эссе немесе диктант жазады. Медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша да шығармашылық емтихандар қарастырылған.Құжаттарды қабылдау мерзімдері:Колледждерге қабылдау кезінде квота қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260617/grant-konkursyna-quzhat-bir-apta-qabyldanady---ministrlik-64190563.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7fe29c57a34be508f0e6046a189719af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, колледж, талапкерлер
министрлік, колледж, талапкерлер
Алдағы оқу жылында колледждерге 140 мың грант бөлінді
14:54 22.06.2026 (жаңартылды: 14:55 22.06.2026) Талапкерлер құжатты Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсыра алады
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі колледжге құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады.
"2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді", - делінген ресми хабарламада.
Талапкерлер құжатты Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсыра алады.
Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті. Оған қоса, бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы ескеріледі.
Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданса, педагогикалық мамандық таңдайтындар эссе немесе диктант жазады. Медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша да шығармашылық емтихандар қарастырылған.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері:
жұмысшы біліктілігі бойынша - 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) - 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
шығармашылық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
педагогикалық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 10 тамызға дейін;
медициналық мамандықтар бойынша - 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін;
кешкі оқу нысаны бойынша - 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Колледждерге қабылдау кезінде квота қарастырылған.