Алматы тұрғыны жоғалған затын іздеп жүрген жігітті ұрып-соққан

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Полицейлер күдіктіні жедел анықтап, ұстады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы тұрғыны жоғалған затын іздеген жігітті есірткі іздеп жүр деп ойлап, ұрып-соққан, деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік экипаждар жіберілді. Полицейлер күдіктіні жедел анықтап, ұстады.
"Күдікті өтіп бара жатқан адамды есірткі жасырылған орынды іздеп жүр деп ойлағанын айтты. Алайда жәбірленуші өзінің жоғалған затын іздеген", - деп жазылған хабарламада.
Ұрып-соғу салдарынан ер адам дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жанжалдың нақты себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Наркоман разгромил магазин в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Өңірлер
Есірткі іздеген: Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды – видео
Жаңалықтар
0