https://sputnik.kz/20220119/Atyrau-er-adam-supermarket-video-19171325.html
Есірткі іздеген: Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды – видео
Есірткі іздеген: Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды – видео
Sputnik Қазақстан
Полиция мәліметінше, ер адам 2013 жылдан бері нашақорлық бойынша есепте тұр 19.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-19T09:27+0500
2022-01-19T09:27+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
атырау
есірткі
шабуыл
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19171250_0:13:1200:691_1920x0_80_0_0_c91356da04295c1e8f4727e415b7eb08.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Атырауда ер адам супермаркетке заңсыз кіріп, ішін тас-талқан етті, деп хабарлайды Polisia.kz.16 қаңтарда түнгі сағат 00.00 шамасында белгісіз біреу қаладағы супермаркеттің терезесін шағып, сөредегі заттарды жан-жаққа лақтырған.Сауда орнының дабыл қызметі іске қосылып, дереу полиция келді. Супермаркетте 31 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды.Полиция мәліметінше, ер адам 2013 жылдан бері нашақорлық бойынша есепте тұр.Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сауда орнына есірткі іздеп кірген. Қылмыс жасаған уақытта ол сау болатын.Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы "Ұрлық жасауға оқталу" бойынша іс қозғалды. Келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр.Сонымен қатар ол төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.Оқи отырыңыз:
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19171250_0:0:1200:754_1920x0_80_0_0_ec3e8caa3aac74a9db9a03acdd86eb99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, есірткі, шабуыл
Есірткі іздеген: Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды – видео
09:27 19.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Полиция мәліметінше, ер адам 2013 жылдан бері нашақорлық бойынша есепте тұр
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Атырауда ер адам супермаркетке заңсыз кіріп, ішін тас-талқан етті, деп хабарлайды
Polisia.kz.
16 қаңтарда түнгі сағат 00.00 шамасында белгісіз біреу қаладағы супермаркеттің терезесін шағып, сөредегі заттарды жан-жаққа лақтырған.
Сауда орнының дабыл қызметі іске қосылып, дереу полиция келді. Супермаркетте 31 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды.
Полиция мәліметінше, ер адам 2013 жылдан бері нашақорлық бойынша есепте тұр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сауда орнына есірткі іздеп кірген. Қылмыс жасаған уақытта ол сау болатын.
Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы "Ұрлық жасауға оқталу" бойынша іс қозғалды. Келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр.
Сонымен қатар ол төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.