https://sputnik.kz/20260720/elzhas-otynshiev-qtzh-nyn-zhana-basshysy-bolyp-tagayyndaldy-65049648.html
Елжас Отыншиев "ҚТЖ"-ның жаңа басшысы болып тағайындалды
Елжас Отыншиев "ҚТЖ"-ның жаңа басшысы болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі 20.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-20T10:22+0500
2026-07-20T10:22+0500
2026-07-20T10:23+0500
қтж
басшы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65047569_0:172:2560:1612_1920x0_80_0_0_bbeb9d94448c4823b9d240ee198e064f.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. "Samruk-Kazyna" қоры Елжас Отыншиевтің "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын жариялады.Отыншиев Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылған Талғат Алдыбергеновтің орнына келді."ҚТЖ"-ның жаңа басшысы – Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі. Ол "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы Мәскеудегі Ernst & Young компаниясының Бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу бөлімінде кеңесші ретінде бастаған.2009–2019 жылдар аралығында ол "Samruk-Kazyna" АҚ және оның еншілес ұйымдарында қызмет еткен.Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
https://sputnik.kz/20260708/talgat-aldybergenov-qtzh-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy-64744804.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65047569_1:0:2560:1919_1920x0_80_0_0_a0cbd0fd9a998723f0d6cba9d6509a7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, басшы
Елжас Отыншиев "ҚТЖ"-ның жаңа басшысы болып тағайындалды
10:22 20.07.2026 (жаңартылды: 10:23 20.07.2026) Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. "Samruk-Kazyna" қоры Елжас Отыншиевтің "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын жариялады.
Отыншиев Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылған Талғат Алдыбергеновтің орнына келді.
"ҚТЖ"-ның жаңа басшысы – Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі. Ол "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы Мәскеудегі Ernst & Young компаниясының Бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу бөлімінде кеңесші ретінде бастаған.
2009–2019 жылдар аралығында ол "Samruk-Kazyna" АҚ және оның еншілес ұйымдарында қызмет еткен.
"2021–2023 жылдары KIDF-те басшылық қызметтерді атқарып, инвестициялық портфельді басқаруға жетекшілік етті. 2023 жылдың сәуірінен бастап "Samruk-Kazyna" АҚ-да Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор әрі Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол Қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды", — деп хабарлады компания.
Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.