"ҚТЖ" басшысы қызметінен босатылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевТалғат Алдыбергенов
Талғат Алдыбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Ол осы қызметке 2025 жылы 3 шілде күні тағайындалған болатын
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компанияның акционері - "Самұрық-Қазына" қоры бүгін өз шешімін жариялады.
"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Алдыбергенов осы қызметке 2025 жылы 3 шілде күні тағайындалған болатын. Бұған дейін ҚТЖ-ны Нұрлан Сауранбаев басқарды. Қазіргі кезде ол көлік министрі қызметін атқарып жүр.
Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
"ҚТЖ-ның" жаңа басшысы тағайындалды
Жаңалықтар
0