https://sputnik.kz/20250703/qtzh-nyn-zhana-basshysy-tagayyndaldy-55327719.html
"ҚТЖ-ның" жаңа басшысы тағайындалды
"ҚТЖ-ның" жаңа басшысы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Алдыбергенов басқарма төрағасының орынбасары болған 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T11:27+0500
2025-07-03T11:27+0500
2025-07-03T11:41+0500
қтж
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55328448_0:23:851:502_1920x0_80_0_0_a4cd4ae0f5ff8eabee17e9f457544c17.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Талғат Алдыбергенов туралы не білемізТемір жол саласында 35 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, сондай-ақ, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын үздік бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар.Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Орал бөлімшесінің "Қазақстан" бекетінде тауар кассирі болып бастады. Одан кейін жүк қабылдаушы, станция бастығының орынбасары, аға жол ревизоры болды.1998 жылдан бастап ҚТЖ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" ЕМК Ақтөбе филиалының директоры болды. Артынан ҚТЖ "Қазтранссервис" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры мен "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көлік логистикасы депаратментінің директоры болды.2008-2019 жылдары - "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС директоры;Ал 2024 жылдан батсап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.Еске сала кетейік, ҚТЖ-ны бұған дейін басқарған Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды.
https://sputnik.kz/20250630/kolik-ministri-tagayyndaldy-55214293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55328448_32:0:817:589_1920x0_80_0_0_666a24fb8e9aaad028edad3bcccbea26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж
"ҚТЖ-ның" жаңа басшысы тағайындалды
11:27 03.07.2025 (жаңартылды: 11:41 03.07.2025) Бұған дейін Алдыбергенов басқарма төрағасының орынбасары болған
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Талғат Алдыбергенов туралы не білеміз
Темір жол саласында 35 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, сондай-ақ, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын үздік бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Орал бөлімшесінің "Қазақстан" бекетінде тауар кассирі болып бастады. Одан кейін жүк қабылдаушы, станция бастығының орынбасары, аға жол ревизоры болды.
1998 жылдан бастап ҚТЖ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" ЕМК Ақтөбе филиалының директоры болды. Артынан ҚТЖ "Қазтранссервис" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры мен "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көлік логистикасы депаратментінің директоры болды.
2008-2019 жылдары - "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС директоры;
Ал 2024 жылдан батсап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, ҚТЖ-ны бұған дейін басқарған Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды.