Елімізде үш негізгі мұнай өңдеу зауытының қуаты кезең-кезеңімен артады

© Photo : Пресс-служба "КазМунайГаз"Павлодарский НПЗ
Павлодарский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Республикада жылына 10 миллион тонна қуаттылығы бар жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жұмыстар басталды
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 13,5%-ға артып, 99,6 миллион тоннаға жетті.
2026 жылға арналған меже – 98 миллион тонна. Жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай өндіру көлемі 45,7 миллион тоннаны, ал өңделген мұнай көлемі 8,985 миллион тоннаны құрады.
Үкімет негізгі мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын арттыру жобаларын іс жүзінде жүзеге асыру 2026 жылы басталатынын хабарлады:
Павлодар мұнай-химия зауыты — жылына 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін;
Шымкент мұнай өңдеу зауыты — жылына 6-дан 12 миллион тоннаға дейін;
Атырау мұнай өңдеу зауыты — жылына 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға дейін.

"Қуаттылығы жылына 10 миллион тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жұмыстар басталды. Зауыттарда жоспарға сәйкес мерзімді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", — деп атап өтті министрлер кабинеті.

Сондай-ақ газ саласында өндіріс көлемі 2025 жылы 15%-ға артып, 68,2 миллиард текше метрге жеткен. 2026 жылға арналған межелі көрсеткіш – 62,8 миллиард текше метр.
Үкіметтің хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында газ өндіру көлемі 31,9 миллиард текше метрді құрады, ал биылғы жылы елді мекендерді газдандырудың нысаналы деңгейі 64,3% деңгейінде белгіленген.
Шымкентский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
"Жағдай тұрақты": энергетика министрі мұнай өңдеу зауыттары туралы ақпарат берді
Жаңалықтар
0