"Жағдай тұрақты": энергетика министрі мұнай өңдеу зауыттары туралы ақпарат берді

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Шымкентский НПЗ
Шымкентский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
Жазылу
Жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты екенін айтты.
"Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр. Қазақстандағы бензиннің, дизель отынының, авиаотынның жиынтық қорлары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі жанар-жағармай өндіру және жеткізу жағдайын бақылауда ұстайды", - деді ол.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Жалпы, Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу жөніндегі жол картасы шеңберінде шекара маңы аймақтарында күшейтілген бақылау жүзеге асырылуда. Тереңдетілген тексеру іс-шараларын жедел жүргізу үшін қызметкерлер штаты ұлғайтылды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді топтардың жұмысы туралы баяндады. Патрульдеу тәулік бойы жүзеге асырылады, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Шекара маңындағы трассаларда автоцистерналар мен бензин тасығыштар тексеріледі.
"Соңғы екі тәулікте өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде 3 тоннадан астам ЖЖМ әкетудің 61 әрекеті тоқтатылды. Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған 18 мамандандырылған автокөлік құралы тексерілді. Оның ішінде 34 тонна мұнай өнімін тасымалдаған бір автокөлік құралынан сараптама жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер алынды", - деді ол.
Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету көлемі қалыптан тыс өсіп кеткен 62 жанармай құю стансасы мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізіп жатыр.
Мұнай тасымалдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Қазақстан кейбір мұнай өнімдерін елден әкетуге салынған тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0