https://sputnik.kz/20260720/darigerler-denesinin-90-payyzy-kuygen-er-adamdy-aman-alyp-qaldy-65060963.html
Дәрігерлер денесінің 90 пайызы күйген ер адамды аман алып қалды
Дәрігерлер денесінің 90 пайызы күйген ер адамды аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
Науқас төрт тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты 20.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-20T17:51+0500
2026-07-20T17:51+0500
2026-07-20T17:51+0500
алматы
күйік
https://sputnik.kz/img/311/65/3116552_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_e4f3fa7796181c656ca6e716e5a3428e.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері ауыр күйік алған 26 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бір ай бұрын ер адамның қорасында тұрған газ баллоны жарылған. Соның салдарынан оның денесінің 89 пайызы күйіп, 15 пайызы терең зақымданған. Әсіресе, сол қолы қатты жарақат алған.Науқас ауруханаға түскен бойда оған шокқа қарсы ем жүргізілді. Кейін зақымданған қолына шұғыл қалпына келтіру операциясы жасалып, тері трансплантациясы және зақымданған аяқ-қолдарына реконструктивті оталар жүргізілді.Александр Артуков дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.Қазіргі уақытта Александр өздігінен жүріп-тұрып, күнделікті қажеттіліктерін орындай алатын жағдайға жеткен. Алайда оны әлі де ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
https://sputnik.kz/20260708/petropavldagy-zauytta-zhumysshyny-auyr-kuyik-shaldy-64759027.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/311/65/3116552_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd58020de885baafecee11b5e4342527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, күйік
Дәрігерлер денесінің 90 пайызы күйген ер адамды аман алып қалды
Науқас төрт тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері ауыр күйік алған 26 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бір ай бұрын ер адамның қорасында тұрған газ баллоны жарылған. Соның салдарынан оның денесінің 89 пайызы күйіп, 15 пайызы терең зақымданған. Әсіресе, сол қолы қатты жарақат алған.
Науқас ауруханаға түскен бойда оған шокқа қарсы ем жүргізілді. Кейін зақымданған қолына шұғыл қалпына келтіру операциясы жасалып, тері трансплантациясы және зақымданған аяқ-қолдарына реконструктивті оталар жүргізілді.
"Науқас бізге өте ауыр жағдайда түсті. Төрт тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін күйік бөлімшесіне ауыстырылды. Мұндай ауқымды күйік жарақаттары дәрігерлер үшін әрдайым күрделі сынақтардың бірі. Клиниканың мультидисциплинарлық тобының үйлесімді жұмысының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалдық", – деді күйік бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.
Александр Артуков дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
"Барлық емшара жоғары кәсіби деңгейде әрі барынша ауыртпалықсыз ұйымдастырылды. Маған тек физикалық емес, моральдық қолдау да көрсетілді. Мұндай жарақатты еңсеру өте қиын. Санитарлардан бастап мейіргерлерге, дәрігерлер мен анестезиологтарға дейінгі барлық медицина қызметкеріне шын жүректен алғыс айтамын", – деді ол.
Қазіргі уақытта Александр өздігінен жүріп-тұрып, күнделікті қажеттіліктерін орындай алатын жағдайға жеткен. Алайда оны әлі де ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.