Петропавлдағы зауытта жұмысшыны ауыр күйік шалды

© Sputnik / Тимур БатыршинОжоговое отделение
Ожоговое отделение - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Петропавлдағы асфальт-бетон зауытында болған өрт салдарынан жұмысшыны ауыр күйік шалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай 8 шілде күні таңғы сағат 10:00 шамасында болған.
"Бүгін таңертең Петропавл қаласындағы Гашек көшесінде орналасқан асфальт-бетон зауытының аумағында битумды қыздыруға пайдаланылатын май өртенді. Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адамды термиялық күйік шалды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына ТЖД-ның 14 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Зардап шеккен азамат "Вайк групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оператор болып жұмыс істеген.
"Науқас өндірістік жарақат алғаннан кейін бір сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Денесінің 95%-ын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Маңғыстау атом энергетика комбинаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Ақтауда атом комбинатының екі жұмысшысын күйік шалды
Жаңалықтар
0