https://sputnik.kz/20260719/qaragandyda-merekelik-is-sharada-robot-it-aliment-tolemey-zhurgen-azamatty-tanydy-65032632.html
Қарағандыда мерекелік іс-шара кезінде робот-ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды
Қарағандыда мерекелік іс-шара кезінде робот-ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды
Sputnik Қазақстан
Робот-ит қызмет барысында мемлекет алдындағы берешегі бар екі борышкер мен сот белгілеген шектеуді бұзған сотталушыны да анықтады 19.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-19T12:26+0500
2026-07-19T12:26+0500
2026-07-19T12:27+0500
қарағанды облысы
робот
ит
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64214200_0:0:2845:1600_1920x0_80_0_0_d98d3a09b6a132db2d647f3959c734b3.jpg
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Қарағанды облысы Қазақстанда алғаш рет қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған қызметтік робот-итті пайдаланған өңір атанды, деп хабарлайды Polisia.kz. Заманауи әзірлеме Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар барысында нақты жағдайда сыналып, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді. Жаңа технология алғашқы сынақтың өзінде нақты нәтижесін көрсеткен. Қызмет барысында робот-иттің көмегімен төрт құқық бұзушы анықталды. Олардың қатарында алимент төлеуден жалтарып жүрген бір азамат, мемлекет алдындағы берешегі бар екі борышкер және сот белгілеген шектеуді бұзып, тұрғын үйінен тыс жерде жүрген бұрын сотталған азамат болды. Барлық анықталған тұлғаға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне де ерекше мән берді. "Мыңдаған адам жиналған мерекелік алаңдарда адасып кеткен 87 бала қысқа уақыт ішінде табылып, олардың барлығы аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Адасып кеткен балалардың жасы 3 пен 17 жас аралығында болды", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20260718/mangystau-oblysynda-zhagalaudy-robot-it-patruldep-zhur-65026597.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64214200_285:0:2845:1920_1920x0_80_0_0_1e8ff7b348b090567058a122a33d048a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, робот, ит
қарағанды облысы, робот, ит
Қарағандыда мерекелік іс-шара кезінде робот-ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды
12:26 19.07.2026 (жаңартылды: 12:27 19.07.2026) Робот-ит қызмет барысында мемлекет алдындағы берешегі бар екі борышкер мен сот белгілеген шектеуді бұзған сотталушыны да анықтады
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Қарағанды облысы Қазақстанда алғаш рет қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған қызметтік робот-итті пайдаланған өңір атанды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Заманауи әзірлеме Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар барысында нақты жағдайда сыналып, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.
"17–18 шілде күндері Балқаш және Теміртау қалаларында өткен мерекелік іс-шараларға 115 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шаралардың басты жаңалығы – жасанды интеллект жүйесімен жабдықталып, полицияның ақпараттық дерекқорларымен толық ықпалдастырылған қызметтік робот-ит болды. Ол нақты уақыт режимінде полицияның іздеуінде немесе бақылауындағы адамдарды бет-бейнесі арқылы автоматты түрде анықтай алады. Бұл құқық күдікті тұлғаларды жедел анықтау және полицияның әрекет ету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді", - дейді полиция.
Жаңа технология алғашқы сынақтың өзінде нақты нәтижесін көрсеткен. Қызмет барысында робот-иттің көмегімен төрт құқық бұзушы анықталды. Олардың қатарында алимент төлеуден жалтарып жүрген бір азамат, мемлекет алдындағы берешегі бар екі борышкер және сот белгілеген шектеуді бұзып, тұрғын үйінен тыс жерде жүрген бұрын сотталған азамат болды.
Барлық анықталған тұлғаға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне де ерекше мән берді.
"Мыңдаған адам жиналған мерекелік алаңдарда адасып кеткен 87 бала қысқа уақыт ішінде табылып, олардың барлығы аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Адасып кеткен балалардың жасы 3 пен 17 жас аралығында болды", - делінген хабарламада.