Маңғыстау облысында жағалауды робот-ит патрульдеп жүр

© Photo : Polisia.kz. Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Жазылу
Ол камералар мен дауыс зорайтқыш жүйесінің көмегімен шомылуға тыйым салынған орындарда жүрген азаматтарды анықтайды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында шомылу маусымының қызған шағында профилактикалық жұмыстарға заманауи технология тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдау көрсеткендей, шомылу маусымы кезіндегі қайғылы оқиғалардың басым бөлігі арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда болады.
"Биыл полиция қызметкерлерімен бірге жағалау аумағын робот-ит патрульдеп жүр. Ол камералар мен дауыс зорайтқыш жүйесінің көмегімен шомылуға тыйым салынған орындарда жүрген азаматтарды анықтап, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертеді", - деп жазылған хабарламада.
Судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда демалуға, белгіленген қауіпсіздік шекарасынан аспауға, мас күйінде суға түспеуге және балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырды.
Робот патрулирует вокзалы и торговые центры Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Астанада сауда орталықтары мен вокзалдарды робот иттер күзетіп жүр
Жаңалықтар
0