https://sputnik.kz/20260719/kqk-terminalynda-munay-tieu-zhumystary-shabuyl-saldaryn-bagalau-ayaqtalganga-deyintoqtatyldy-65038265.html
КҚК терминалында мұнай тиеу жұмыстары шабуыл салдарын бағалау аяқталғанға дейін тоқтатылды
КҚК терминалында мұнай тиеу жұмыстары шабуыл салдарын бағалау аяқталғанға дейін тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын... 19.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-19T20:35+0500
2026-07-19T20:35+0500
2026-07-19T20:39+0500
мұнай
шабуыл
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0d/60362424_95:0:1171:605_1920x0_80_0_0_20787fb8f2375b86bb5ee08acc72f5ac.jpg
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан екі танкерге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады."Бүгін, 19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеуді жүзеге асырып жатқан. Танкерлердің бортында халықаралық экипаж мүшелері болған", - делінген мәлімдемеде.Шабуыл салдарынан танкерлерде өрт шыққанымен, экипаждардың жедел іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғылары зақымданған жоқ. Теңіз акваториясына мұнайдың төгілуіне жол берілмеді."Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу жұмыстары оқиғаның салдарын бағалау аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Мұнайды жөнелтуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат кейін ұсынылады", - деп хабарлады министрлік.Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді, деп мәлімдеді министрлік.
https://sputnik.kz/20260719/qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligi-tankerlerge-zhasalgan-shabuyldy-qatan-ayyptaydy-65038063.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0d/60362424_230:0:1037:605_1920x0_80_0_0_e5e504846f75f64d575af1d949481587.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, шабуыл, қр энергетика министрлігі
мұнай, шабуыл, қр энергетика министрлігі
КҚК терминалында мұнай тиеу жұмыстары шабуыл салдарын бағалау аяқталғанға дейін тоқтатылды
20:35 19.07.2026 (жаңартылды: 20:39 19.07.2026) Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан екі танкерге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
"Бүгін, 19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеуді жүзеге асырып жатқан. Танкерлердің бортында халықаралық экипаж мүшелері болған", - делінген мәлімдемеде.
Шабуыл салдарынан танкерлерде өрт шыққанымен, экипаждардың жедел іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғылары зақымданған жоқ. Теңіз акваториясына мұнайдың төгілуіне жол берілмеді.
"Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу жұмыстары оқиғаның салдарын бағалау аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Мұнайды жөнелтуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат кейін ұсынылады", - деп хабарлады министрлік.
Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.
Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді, деп мәлімдеді министрлік.