https://sputnik.kz/20260718/turistik-kompaniya-200-adamdy-aldagan--qylmystyq-is-qozgaldy-64992112.html
Туристік компания 200 адамды алдаған – қылмыстық іс қозғалды
Туристік компания 200 адамды алдаған – қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр 18.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-18T17:30+0500
2026-07-18T17:30+0500
2026-07-18T17:30+0500
туристер
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1013/11/10131129_0:81:2000:1206_1920x0_80_0_0_96964c9b6ad760a0780ce70d4b095cf0.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында туристік компанияға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Компания өкілдері 200-ден астам азаматқа шетелге демалыс ұйымдастырып береміз деп уәде беріп, әр клиенттен ақша алған. Алайда жолдамаларды рәсімдеу, қонақүйлерді брондау және әуе билеттерін сатып алу бойынша алдын ала төленген қызметтер көрсетілмеген. Соның салдарынан жүздеген адамның жазғы демалысы жоспарланғандай өтпей қалды.Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.Полиция туристік компаниялардың атын жамылған алаяқтардың жаз мезгілінде белсенді болатынын ескертеді. Олар нарықтағы бағадан едәуір төмен турларды ұсынып, шұғыл төлем жасауды талап етеді. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды.Осыған байланысты туристік қызмет үшін төлем жасамас бұрын компанияның құжаттарын, клиенттердің пікірлерін мұқият тексеріп, міндетті түрде ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана қаражатты расталған деректемелер арқылы аудару қажет.
https://sputnik.kz/20250515/qazaqstanga-qytaydan-keletin-turister-sany-aytarlyqtay-osti-53577228.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/11/10131129_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_e0f43be9242c59d52942a1e634c6ed78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, алаяқ, алаяқтық
туристер, алаяқ, алаяқтық
Туристік компания 200 адамды алдаған – қылмыстық іс қозғалды
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында туристік компанияға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Компания өкілдері 200-ден астам азаматқа шетелге демалыс ұйымдастырып береміз деп уәде беріп, әр клиенттен ақша алған. Алайда жолдамаларды рәсімдеу, қонақүйлерді брондау және әуе билеттерін сатып алу бойынша алдын ала төленген қызметтер көрсетілмеген. Соның салдарынан жүздеген адамның жазғы демалысы жоспарланғандай өтпей қалды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Полиция туристік компаниялардың атын жамылған алаяқтардың жаз мезгілінде белсенді болатынын ескертеді. Олар нарықтағы бағадан едәуір төмен турларды ұсынып, шұғыл төлем жасауды талап етеді. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды.
Осыған байланысты туристік қызмет үшін төлем жасамас бұрын компанияның құжаттарын, клиенттердің пікірлерін мұқият тексеріп, міндетті түрде ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана қаражатты расталған деректемелер арқылы аудару қажет.