Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны айтарлықтай өсті

© Sputnik / Александр МирогловБурабай курорты
Бурабай курорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Былтыр қонақ үйлерде 173 987 Қытай азаматы орналасқан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан келген туристердің саны бес жылдың ішінде ғыны 9 есеге өсті, деп хабарлады "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қонақ үйлерде тоқтаған шетелдік туристердің саны жағынан Қытай екінші орынға шықты. Былтыр қонақ үйлерде 173 987 Қытай азаматы орналасқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 66 проценкке көп.
"ҚХР-дан келетін туристер ағынының өсуіне визасыз режимнің енгізілуі, жаңа тікелей рейстердің ашылуы мен әуе қатынасының жиілеуі, ішкі туризмді Қытай нарығында белсенді ілгерілету септігін тигізді", - дейді компания мамандары.
Өткен жылы Қытайда Қазақстанның туристік әлеуетін танытуға бағытталған 30-дан астам іс-шара - іскерлік кездесулер, көрмелер, мәдени таныстырылымдар мен ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Биыл тура сондай 16 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Природа Восточного Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты
Жаңалықтар
0