Сот Air Astana-дағы миллиардты жымқыру ісі бойынша үкімді күшінде қалдырды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Жазылу
Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген арызын қанағаттандырды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы "Air Astana" АҚ-да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.

Апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.
Дубайға рейстер тағы тоқтайды: Air Astana ұшу кестесін қанша рет өзгертті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Air Astana 21 шілдеден жаздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады

Жаңалықтар
0