https://sputnik.kz/20260717/kobeytuz-koli-erekshe-qorgalatyn-tabigi-aumaqqa-aynalady-65006581.html
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады
Sputnik Қазақстан
Осы мақсатта "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T19:11+0500
2026-07-17T19:11+0500
2026-07-17T19:11+0500
ақмола облысы
әкімдік
көл
https://sputnik.kz/img/07e4/07/16/14542157_0:206:1200:881_1920x0_80_0_0_b8383bd63e95e9b75a97fdaf1a9527e4.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik.Суының ерекше қызғылт реңкімен танымал Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады. Елордадан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Көбейтұз – еліміздегі ең көрікті әрі ерекше табиғи нысандардың бірі. Жыл сайын мұнда мыңдаған турист келеді. Келушілер санының артуы тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Осыған байланысты көлге ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру жұмыстарымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі жағалау аумағын абаттандыруға кіріседі, дейді әкімдік."Мұнда бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, тұрғындар мен қонақтарға табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруге жағдай жасалады. Бұл ретте көлдің нәзік экожүйесіне зиян келтірмеу басты назарда болады", - делінген хабарламада.Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл суының гидрохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізген. Сараптама нәтижелері бойынша аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және басқа да бірқатар заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екені анықталды. Осыған байланысты көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынды.Ақмола облысының әкімдігі өңір тұрғындары мен қонақтарын белгіленген талаптарды, табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
https://sputnik.kz/20221121/kobeytuzdan-torrevekhaga-deyin-galamshardagy-alqyzyl-kolder--foto-29586100.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/16/14542157_0:93:1200:993_1920x0_80_0_0_87831c4878b7baedfb1488e5f4779070.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, әкімдік, көл
ақмола облысы, әкімдік, көл
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады
Осы мақсатта "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik.Суының ерекше қызғылт реңкімен танымал Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады.
"Осы мақсатта "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі. Бұл көлдің бірегей экожүйесін тиімді қорғауға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Елордадан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Көбейтұз – еліміздегі ең көрікті әрі ерекше табиғи нысандардың бірі. Жыл сайын мұнда мыңдаған турист келеді. Келушілер санының артуы тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Осыған байланысты көлге ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру жұмыстарымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі жағалау аумағын абаттандыруға кіріседі, дейді әкімдік.
"Мұнда бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, тұрғындар мен қонақтарға табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруге жағдай жасалады. Бұл ретте көлдің нәзік экожүйесіне зиян келтірмеу басты назарда болады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл суының гидрохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізген. Сараптама нәтижелері бойынша аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және басқа да бірқатар заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екені анықталды. Осыған байланысты көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынды.
"Абаттандыру жұмыстары жүргізілетін кезеңде Көбейтұз көліне қолжетімділік уақытша шектеледі. Жағалау сызығына жақындауға және белгіленген шектеу аймағынан өтуге рұқсат етілмейді. Көлге кіреберістерде тәулік бойы бақылау бекеттері қойылып, аумақты полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар бірлесіп патрульдейді", - деді әкімдік.
Ақмола облысының әкімдігі өңір тұрғындары мен қонақтарын белгіленген талаптарды, табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.