Көбейтұздан Торревьехаға дейін: ғаламшардағы алқызыл көлдер – фото
Көбейтұздан Торревьехаға дейін: ғаламшардағы алқызыл көлдер – фото
Sputnik Қазақстан
Әлемде ерекше алқызыл түсті көлдер көп емес. Олардың қатарында Австралиядағы Хиллиер көлі, Сенегалдағы Ретба көлі, Испаниядағы Торревьеха тұзды көлі бар... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
Қолайлы маусымда туристер ерекше суретке түсу үшін осы әдемі көлдерге баруды ұнатады. Өйткені, алқызыл көлдер фантастикалық ғаламшарда немесе ертегі әлемінде түсірілгендей болып көрінеді. Әлем елдеріндегі алқызыл көлдердің ғажайып көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Әлемде ерекше алқызыл түсті көлдер көп емес. Олардың қатарында Австралиядағы Хиллиер көлі, Сенегалдағы Ретба көлі, Испаниядағы Торревьеха тұзды көлі бар. Қазақстанда да Астана маңында ерекше алқызыл түсті көл бар. Ол суат Көбейтұз деп аталады.
Қолайлы маусымда туристер ерекше суретке түсу үшін осы әдемі көлдерге баруды ұнатады. Өйткені, алқызыл көлдер фантастикалық ғаламшарда немесе ертегі әлемінде түсірілгендей болып көрінеді.
Әлем елдеріндегі алқызыл көлдердің ғажайып көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Алқызыл көлдердің әдеттен тыс түсі негізінен микроағзалардың тұзды сумен әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, Сенегалда орналасқан бұл ашық алқызыл көлдің түсі цианобактерияларға байланысты қалыптасқан.
Мұндай көлдер көбіне Австралияда орналасқан. Бірақ ерекше су қоймалары Оңтүстік Америкада, Батыс Африкада, Шығыс Еуропада және Мексикада да бар. Суретте: АҚШ-тың Юта штатындағы қызғылт-алқызыл түсті Үлкен Тұзды көл.
Қызғылт көлдер керемет табиғи нысан болғанымен, тұзды су мұндай көлдерді жаз мезгілінде шомылу үшін қолайсыз етеді. Суретте: Австралиядағы алқызыл көл. Ыстық ауа райында судағы қызатын тұздың шектен тыс көлеміне байланысты көлдің түсі алқызыл болып өзгереді.
Дүние жүзіндегі алқызыл көлдердің барлығы дерлік мұхиттан да тұзды. Суретте: Боливиядағы Лагуна-Колорадо минералды көлі. Оның түсі шөгінді жыныстарға, сондай-ақ балдырлардың пигментациясына байланысты қалыптасқан.
Табиғаттың сирек кездесетін осы құбылысын өз көзімен көру үшін мұнда көптеген адамдар арнайы келеді. Суретте: Мексикадағы Юкатан түбегінің солтүстік жағалауындағы Лас-Колорадастағы алқызыл тұздың булануына арналған тоғандар.