Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болды

© Акимат АстаныЕсет Байкен - аким Улытауской области
Есет Байкен - аким Улытауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Есет Байкен туралы не білеміз

1986 жылы Қарағанды облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады. Кейін осы бөлімде жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді.
2010 жылы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты.
2010–2013 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінде бас маман болды.
2013 жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы қызметіне тағайындалды. Сол жылы Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болды.
2016–2017 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі хатшылығында сарапшы қызметін атқарды.
2017–2019 жылдары президент әкімшілігінің иемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметін атқарды. Сол жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болды.
2022 жылғы 9 ақпаннан бүгінге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0