https://sputnik.kz/20260717/atyrau-oblysynyn-akimi-tagayyndaldy-64984908.html
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін бұл қызметті Серік Шәпкенов атқарған болатын 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T09:52+0500
2026-07-17T09:52+0500
2026-07-17T10:11+0500
атырау облысы
әкім
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32340536_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_a8a4e9f24a06c993aba8a718799206c3.png
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда."Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.Жаңа әкім туралы не білемізБолат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.1995–1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;1997–2003 жылдары – "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары;2003–2006 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры;2006–2008 жылдары – энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;2008–2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ басқарма төрағасы;2012–2014 жылдары – мұнай және газ вице-министрі;2016 – 2017 жылдары – "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;2017-2019 жылдары – энергетика вице-министрі;2019-2021 жылдары – "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры;2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының энергетика министрі;2023-2025 жылдары – президенттің кеңесшісі;Ал 2025 жылдың ақпан айында қайтадан KAZENERGY-ге барып, қауымдастықтың төрағасы болып тағайындалды.
https://sputnik.kz/20260717/serik-shapkenov-atyrau-oblysynyn-akimi-lauazymynan-bosatyldy-64983456.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32340536_180:0:1620:1080_1920x0_80_0_0_71219126096dbfb639feeed36394e1a6.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, әкім
Атырау облысының әкімі тағайындалды
09:52 17.07.2026 (жаңартылды: 10:11 17.07.2026) Бұған дейін бұл қызметті Серік Шәпкенов атқарған болатын
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Жаңа әкім туралы не білеміз
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
1995–1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;
1997–2003 жылдары – "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары;
2003–2006 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры;
2006–2008 жылдары – энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2008–2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ басқарма төрағасы;
2012–2014 жылдары – мұнай және газ вице-министрі;
2016 – 2017 жылдары – "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;
2017-2019 жылдары – энергетика вице-министрі;
2019-2021 жылдары – "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры;
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының энергетика министрі;
2023-2025 жылдары – президенттің кеңесшісі;
Ал 2025 жылдың ақпан айында қайтадан KAZENERGY-ге барып, қауымдастықтың төрағасы болып тағайындалды.