https://sputnik.kz/20260717/eaeo-elderi-iranmen-sauda-yntymaqtastygyn-keneytudi-kozdeydi-64983159.html
ЕАЭО елдері Иранмен сауда ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді
ЕАЭО елдері Иранмен сауда ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО-ға мүше бес елдің өкілдері ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарын талқылады 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T13:38+0500
2026-07-17T13:38+0500
2026-07-17T13:38+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_effea03328dc942a5dae2f31f693b79d.jpg
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде өткен семинарда Иранмен саудадағы кедергілерді жою және ынтымақтастықтың келешегі талқыланғанды. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.Семинар барысында ЕАЭО-ға мүше бес елдің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім аясындағы ең перспективалы бағыттарды қарастырды.ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің айтуынша, ЕАЭО мен Иранның мамандары саудадағы нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынып, серіктестердің қарауына нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет.Ол сондай-ақ 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген еркін сауда туралы келісімнің арқасында тауарлардың 90%-ына жеңілдетілген сауда режимі енгізілгенін еске салды. Нәтижесінде Иранның ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға салатын орташа кедендік баж салығы 20%-дан 4,5%-ға дейін төмендеді.
https://sputnik.kz/20260710/zhi-turizm-zhane-alayaqtyqqa-qarsy-kureske-arnalgan-standarttar-azirlenip-zhatyr-64818699.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_e7eb423efed79f088cc53a6bec7028ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері Иранмен сауда ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді
ЕАЭО-ға мүше бес елдің өкілдері ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарын талқылады
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде өткен семинарда Иранмен саудадағы кедергілерді жою және ынтымақтастықтың келешегі талқыланғанды. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Семинар барысында ЕАЭО-ға мүше бес елдің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім аясындағы ең перспективалы бағыттарды қарастырды.
ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің айтуынша, ЕАЭО мен Иранның мамандары саудадағы нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынып, серіктестердің қарауына нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет.
Ол сондай-ақ 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген еркін сауда туралы келісімнің арқасында тауарлардың 90%-ына жеңілдетілген сауда режимі енгізілгенін еске салды. Нәтижесінде Иранның ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға салатын орташа кедендік баж салығы 20%-дан 4,5%-ға дейін төмендеді.