ЖИ, туризм және алаяқтыққа қарсы күреске арналған стандарттар әзірленіп жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлавы государств – членов ЕАЭС посетили выставку Евразийского экономического форума
Главы государств – членов ЕАЭС посетили выставку Евразийского экономического форума
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Еуразиялық экономикалық одақ аясында 53 техникалық регламент қабылданды, оның 48-і күшіне енді
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллект, туризм және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл салаларына арналған стандарттар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
"Биыл стандарттарды әзірлеуде алаяқтыққа қарсы іс-қимылға, жасанды интеллектіні, цифрлық технологияларды, туризм мен қызмет көрсету саласын дамытуға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр", – деді спикер.
Оның айтуынша, Стандарттаудың ұлттық жоспарына сәйкес 2026 жылы 57 стандартты әзірлеу жоспарланған. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында 53 техникалық регламент қабылданып, оның 48-і күшіне енген.
Қасымовтың сөзінше, қазірдің өзінде бірқатар стандарт бекітілген. Атап айтқанда:
электр көліктеріне арналған электр қуаттау станцияларын метрологиялық қамтамасыз ету стандарты;
транзиттік әлеуетті дамытуға арналған рефрижераторлық жүктерді жеткізу стандарты;
органикалық өнімді сертификаттау және жабайы өсетін органикалық шикізатты жинау стандарттары;
үй құрылысы комбинаттарына арналған стандарт.
Жаңалықтар
0