Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстанааким Улытауской области Дастан Рыспеков
аким Улытауской области Дастан Рыспеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Ол бұл қызметке 2024 жылдың 9 қазанында тағайындалған болатын
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Дастан Рыспеков туралы не білеміз

Рыспеков Дастан 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2016-2018 жылдары — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері.
2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.
2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылдан 2023 жылдың тамызына дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап 2024 жылдың қазанына дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0