Бектенов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіОлжас Бектенов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
Олжас Бектенов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Премьер-министр мемлекет басшысының өңір басшылығы алдына бірқатар маңызды міндет қойғанын атап өтті
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Президенттің тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Облыс активімен кездесуде премьер-министр өңірді төрт жыл басқарған Серік Шәпкеновке облыстың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
"Соңғы 4 жылда өңірде жүзден астам әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, 1 мың шақырымға жуық жол жөнделді", - деп жазылған хабарламада.
Олжас Бектенов облыс активіне жаңа әкім Болат Ақшолақовты таныстырды.
Премьер-министр мемлекет басшысының өңір басшылығы алдына бірқатар маңызды міндет қойғанын атап өтті. Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты "Заң мен тәртіп" және "Таза Қазақстан" қағидаттарын жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет.
Олжас Бектенов экологиялық жағдайды жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және қалалық ортаны дамыту жөніндегі президент тапсырмаларын сапалы орындау қажеттігін атап өтті.
"Өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия салаларын дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру негізгі басымдықтар қатарында жатады. Облыс басшылығына бәсекелестікті ынталандыру, инвестиция тарту, еңбек өнімділігін арттыру тапсырылды. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ пен инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық пайдалану қажет", - деп жазылған хабарламада.
Облыстың жаңа бас жоспарына сәйкес, орынсыз және заңсыз құрылысқа жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдау, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктердің ұлғаюына назар аудару жүктелді.
Сондай-ақ Атырау облысының жол-көлік жүйесін дамыту міндеті қойылды.
Жылу электр орталығын газға көшіру, кәсіпорындар мен автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтардың деңгейін бақылау, тозған инженерлік желілерді уақтылы жаңарту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0