https://sputnik.kz/20260716/tort-ayda-80-ret-zhol-erezhesin-buzgan-astana-turgyny-15-taulikke-qamauga-alyndy-64978582.html
Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды
Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T22:05+0500
2026-07-16T22:05+0500
2026-07-16T22:05+0500
астана
сот
қамауға алынды
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/235/27/2352796_0:208:2901:1840_1920x0_80_0_0_4fbd57b15f5c2844d8554bf8fa034da1.jpg
️АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, тұрғын наурыз–маусым айлары аралығында жол ережесін бұзып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 80 реттен астам әкімшілік жауапқа тартылған.Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Тұрғын бірнеше рет, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, барлық салынған айыппұлдарды төлегенін түсіндірді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде көлік құралын өзі басқарғанын растаған.Істі қарау нәтижесінде сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
https://sputnik.kz/20250221/aqtobede-eki-dzhipke-72-mln-tengenin-ayyppuly-salyndy-51075990.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/27/2352796_85:0:2816:2048_1920x0_80_0_0_c65ebba8815bcd1025961aaf05be8cf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот, қамауға алынды, жүргізуші
астана, сот, қамауға алынды, жүргізуші
Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды
Ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді
️АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, тұрғын наурыз–маусым айлары аралығында жол ережесін бұзып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 80 реттен астам әкімшілік жауапқа тартылған.
"Әкімшілік жауапқа бірнеше рет тартылғанына қарамастан, ол өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуды жалғастырған. Көлік құралын екі рет белгіленген жылдамдықтан едәуір асырып, тиісінше сағатына 151 км және 126 км жылдамдықпен басқарған", - дейді сот.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Тұрғын бірнеше рет, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, барлық салынған айыппұлдарды төлегенін түсіндірді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде көлік құралын өзі басқарғанын растаған.
Істі қарау нәтижесінде сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.